Халықты вакцинаға қарсы насихаттағандар енді заң алдында жауап береді
- kyn.kz
- 30 қараша, 2023
- 717
Екпеге қарсы үгіт-насихатты ешқандай медициналық білімсіз жүргізетіндерге осындай шара қолдануға мәжбүрміз деп отыр денсаулық сақтау министрлігі,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Себебі жыл сайын 7 мың ата-ата баласына вакцина салудан өз еркімен бас тартады. Оның салдары да көп күттірмей, бір кездері ұмыт болған кесел дендеп шығуда.
Дәрігерлер бірауыздан бұл кесел ағзаға батпандап кіргенімен, мысқылдап шығады деп отыр. Науқас аурудан құлан-таза айыққанымен, уақыт өте келе буыны сырқырап, адам өзін біраз уақытқа дейін әлсіз сезінуі мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау министрі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз екендігін ескеріп, тұрғылықты мекенжайында тегін екпе алуға болатынын ескертіп отыр.
“Біздің елде қолданып жатқан вакцина Үнді елінде шыққан. Соңғы 10 жылда қолданып келеді. Сол он жыл ішінде жылына 600 мың бала осы екпені алды. Осы жылдар ішінде вакцианадан қандай да бір кері әсері немесе балаларды қандай да бір жаман жағдайға алып келетін, мүгедектікке, өлім-жітімге әкелетін жағдай тіркелген жоқ”,-деді Ажар Ғиният ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Үнді елінен он жылдан бері тасымалданатын қызылшаға қарсы екпенің еш теріс әсері болмайтынына Ажар Ғиният осылай кепіл беріп отыр. Оған бірден бір мысал ретінде министр өз немересін екпе салдыртуға емханаға жетектеп алып келгенін айтты. Бес жасар бала алғашқы үш күнде өзін жақсы сезінген, тек төртінші тәулікте дене қызуы көтеріліп құсыпты. Ал әлеуметтік желіде жөн-жосықсыз қалың көпшілікке екпеге қарсы үгіт-насихат жүргізетіндер заң алдында жауап береді.
“ Бүгінгі таңда қоғамға да, халық жанашырларына да елімізде заң бар. Азаматтық қылмыстық кодексте ол көрсетілген. Қазіргі медиа заңында да, халықтың өміріне қауіп төндіретін жалған ақпарат таратушыларға қандайда бір шара қолдануға болады”,-деді Ажар Ғиният ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Сондықтан осындай кездерде әкімшілік және қылмыстық кодекс заңын қолдануға болады. Эпидахуалдың күрделеніп бара жатқанын өз пайдасына асырған жекеменшік емханалар да бар болып шықты. Мемлекет тарапынан тегін қойылатын екпені ақылы түрде салмақшы болған пысықайлар кездескен. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаға мүдделі барлық отандастарымызға екпе жетеді деп отыр. Тек оны салдыру-салдырмау әр адамның жеке құқығы.
“ Әр ата-ана вакцинацияға келісімін беруге тиіс. Бұның кері әсері вакцинаны келісімсіз салу мүмкін емес. Бас тартуға құқылы деген сөз. Сондықтан егер ата-ана баласын егуден бас тартса, ол да заңда көрсетілген”,-деді Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды бақылау басқармасының басшысы.
Елімізде қызылшамен тек балалар емес, ересектер де ауырып жатыр. Бұған дейін Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясының бірден 17 курсанты кеселдің шырмауына іліккен. Жауапты ведомство қазір тек бір науқастың ауруханада қалғанын, ал өзге курсанттардың жағдайы қалыпты екенін айтады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024