Қоғам
Досаев: «Хостелдегі өртте қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңге беріледі»
- kyn.kz
- 30 қараша, 2023
- 1.2k
Мәйіттерді тасымалдаудың шығынын мемлекет көтереді
Қайтыс болған шетелдіктердің отбасыларына да мәйіттерді жерлеу орындарына жеткізуге көмек көрсетіледі,деп хабарлайды KYN.KZ.
Тиісті құжатқа облыс әкімі Ерболат Досаев қол қойды.
Бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқан еді. Олардың екеуі Ресей мен Өзбекстан азаматтары.
Министр Сырым Шәріпхановтың айтуынша, студенттер өздері оқып жатқан жоғары оқу орындары мен қала әкімдігіне баспана керек екенін айтпай, осы хостелде тұрып келген. Қазір өрттің шығу себептері мен оған жауапты тұлғаларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.