Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қарызым көп». «Вагнер» құрамында соғысқа қатысқан қарағандылық сотталды

«Қарызым көп». «Вагнер» құрамында соғысқа қатысқан қарағандылық сотталды
Orda.kz
Қарағандыда Украинадағы соғысқа қатысып келген азамат 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

Ол ресейлік «Вагнер» жеке әскери компания құрамында болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тіпті бір айдай майдан даласында болып, Бахмуттағы қақтығыста ауыр жараланған.Қолы кесіліп мүгедек болып қалған соң елге қайтар жолда шекарада ұсталған. Жалдамалы жауынгер бір айлық жалақысын алып, жарақаты үшін көк тиын өтемақы төленбегенін айтады. 

“Тергеу органдары мен сот алдында өзінің істеген ісіне өкініп, кінәсін толық мойындағаны жазасын жеңілдетті. Соғысқа қатысқаны үшін төленген бір айлық жалақысы тәркіленді. Сомасы 200 мың рубль”,-деді Саян Аққожин, судья.

Алексей Шомполов «Вагнер» құрамына ақылы негізде адам жинап жатқанын әлеуметтік желіден білген. Жақындарына айтпай Ресейге аттаныпты. Әскери дайындықтан өткен соң Украинаның Бахмут қаласына жіберілген.

Cотта "жұмыссызбын, қарызым көп" деп ақталған. Осы көктемде тағы бір қазақстандық, 23 жастағы Марғұлан Бикенов «Вагнер» құрамына өз еркімен кіргенін желіде жариялаған. Ал оның ата- анасы баласын әскери компанияға күштеп әкетті деп көмек сұраған. Марғұлан Томск университетінде оқып жүрген, кейін оның оқудан шығарылғаны белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар