Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Фельдшерлер адам өмірін құтқарудан бұрын бланкі толтырып жүріп алды»: Куәгер хостелдегі оқиға туралы айтты

«Фельдшерлер адам өмірін құтқарудан бұрын бланкі толтырып жүріп алды»: Куәгер хостелдегі оқиға туралы айтты
Informburo.kz
Оның айтуынша эвакуациялауға хостелдің басқа тұрғындары да көмектескен

Куәгердің айтуынша, өзі өрт кезінде 6-7 адамға көмектескен, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Өзім осы хостелде екі аптадан бері тұрып жатырмын. Бүгін досым таңғы бес жарымда оятты. Бөлмеден шыққанда бірінші қабат түтін болып жатыр екен. Содан бөлменің жанындағы адамдардың шығуына көмектестім. Шамамен 6-7 адамға қолғабыс еттік», – дейді қала тұрғыны Нұрсұлтан Мәтенов.

Ол адамдарды шығатын жаққа нұсқап көрсетіп тұрған. Бұрын бұл жерде қару-жарақ дүкені болғандықтан, терезелер ашылмай қалған. Адамдарды лақтыруға тура келген. Өзі айтқандай, 6-7 адамға көмектескен. Эвакуациялауға хостелдің басқа тұрғындары да көмектескен.

«Алдымен полиция келді. Олар 50-ге жуық адам жиналғанын көрді. Біз айқайлағанша олар тіпті тоқтамады. Біз оларға түсіндірдік. Сосын қоршау жасады. Мен полиция қызметкерлерінің біріне үйдің 2-3 қабатының тұрғындарын эвакуациялау керектігін айттым. Ол менен кіреберіс қай жерде екенін сұрады. Аула жақтан екенін айттым. Ал олар болса жай ғана шетке шығып, телефонына қарай бастады», – деп еске алады Нұрсұлтан Мәкенов.

Ұқсас жаңалықтар