Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты Бишімбаевқа тағылған айып ауырлай түсті
- kyn.kz
- 1 желтоқсан, 2023
- 3.0k
Бұған дейін Қуандық Бишімбаев дәл осы «адам өлтіру» бабының басқа тармағымен тергеліп жатқан-ды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Заңды әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен өлтіргені сотта дәлелденсе, Бишімбаев кемі 15-тен 20 жылға дейін түрмеге тоғытылады. Сондай-ақ "қылмысты жасыру" бабымен экс-министрдің бауырына да қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура істің тыңғылықты тергеліп жатқанын айтады.
“ Мен оның ағасы немесе інісі деп нақты айта алмаймын. Бірақ Қуандық Бишімбаевтың туысы екені анық. Қылмыс болған күні оның жанында болған. Алайда аса ауыр қылмыс жасалғанын полицияға хабарламаған. Сондай-ақ ол қылмысты жасыруға көмектескен. Қылмыстық іс бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары қосымша ақпарат береді. Аса ауыр қылмыс үшін заңда бас бостандығын айыру көзделген”,-деді Жандос Өмірәлиев ҚР Бас прокурорының орынбасары.