Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жүйкесі сыр берген секілді»: Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханға жауап берді

«Жүйкесі сыр берген секілді»: Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханға жауап берді
Ринат Зайытов өзін Бекболат Тілеуханның деңгейіне түскісі келмейтінін жеткізді

Ринат Зайытов «Adal Adam» бағдарламасына берген сұхбатында Бекболат Тілеуханға қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Ол кісіге қатысты менің бір күмәнім бар. Шетелде жүргеннен кейін кішкене жүйкесі сыр бере бастаған тәрізді. Көшенің жаргондарын көп пайдаланатын болыпты. Сондықтан жүйкесі сыр беріп жүр деп ойлаймын», - дейді Ринат Зайытов «Adal Adam» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ол өзің Бекболат Тілеуханның деңгейіне түскісі келмейтінін, сондықтан әңгіме көбейте беруді қаламайтынын айтып қалды.

«Жалпы мен өзім Бекболат Тілеухан туралы әңгіме айтудан қашамын. Өйткені, ол кісі әңгімені әрі қарай әкете береді. Ол кісімен әлеуметтік желіде айқайласып жүруден нәтиже шығады деп ойламаймын. Халықтың көкейінде жүрген сұрақты үкіметке жеткізгенімнің қай жері популизм екенін түсінбедім. Онда бәріміздің сондай болғанымыз ғой. Содан кейін популизмді адамдар танымалдығын арттыру үшін жасайды. Ал маған оның дымға да керегі жоқ. Айлық 300 мың ешқашан болмайды дегенімен келіспеймін. Өйткені, нақты цифрға келетін болсақ, айлықты жыл сайын 15, 20, 30 пайызға дейін көбейеді», - дейді  депутат.

Ұқсас жаңалықтар