Өнер иесі Instagram парақшасында шаңырағы шайқалғаннан кейін күйзеліске түскенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Көптен бері байқаған шығарсыздар, күйзелісте жүрмін. Өмір тоқтап қалған сияқты жүрмін. Бірақ қазір күлкім келіп отыр. Қазір бәрі артта қалды.
Қазір сіздер Жахан Балжанды жамандайды деп ойлап отырған шығарсыздар. Себебі, Балжанды өте қатты жақсы көрдім. Біздің отбасылық өмірімізде қиын кезеңдерден гөрі бақытты сәттер көп болды. Сол себептен мен ешкімді жамандайын деп отырған жоқпын", - деді Отарғалиев.
Сонымен қатар әзілкеш күйзеліс салдарынан бір айда екі рет ота жасатқанын мәлім етті.
"Күйзеліс салдарынан бір айда екі ота жасаттым. Дәрігерім "Жахан, ауырып, ешкімге керек емес болып қаламын десең, күйзеліске түсе бер. Өмір сүрем десең, есіңді жи" деді.
Сонымен ештеңеге қарамастан теріс ойдың бәрін тастаймын деп шештім", - деп жазды Жахан Отарғалив.