Қоғам
17 ата-ана жауапқа тартылды: Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті
- kyn.kz
- 4 желтоқсан, 2023
- 3.6k
Қазіргі күні оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр
Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында 29 қарашада мектеп оқушылары жаппай төбелескен, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оқушылардың төбелескен видеосы әлеуметтік желіде тарады.
"Тексеру барысында 9-сынып оқушысы мен 2007 жылғы 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды", - дейді ведомство.
Қажетті тергеу әрекеттері басталды. Қазіргі күні оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
"Сонымен қатар төбелескен жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 4 оқушы жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат жалған. Балалардың барлығы дін-аман, үйінде", - дейді ПД баспасөз қызметі.