Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түрмеге торт беріп жіберген әйел 10 жылға сотталды

Түрмеге торт беріп жіберген әйел 10 жылға сотталды
Delfi
Павлодар түрмесінде әйелдің берген тортынан есірткі табылған

Тәртіп сақшылары торттың ішінен есірткіні тапты, деп хабарлайды KYN.KZ..

Тергеу кезінде сәлемдемені беріп жіберген әйелдің биыл қаңтар айында Павлодарға келгені анықталды. Оның тұрақты жұмысы болмаған. Содан "Telegram" арқылы жұмыс істуге ұсыныс түскен. Одан есірткіні жасырып жүру талап етілген. Ол бұл жұмысқа келіскен. Ал психотроптық заттарды тығатын жерлердің координаттарын белгісіз адамнан алып отырған.

"Жалдамалы пәтерде тінту кезінде аса ірі мөлшерде психотроптық зат, сондай-ақ есірткі құралдарын өлшеп орауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді", – дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3, 5 тармақтары (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот шешімімен әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас жаңалықтар