Сейсенбі, 5 желтоқсанға қараған түні қалада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Астана полиция департаментінің мәліметі бойынша , 4 желтоқсан сағат 20:00-ден 5 желтоқсан сағат 07:00-ге дейін 63 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, тежеуішті бірден баспауды, қашықтықты сақтауды сұраймыз. Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де аса сақ болуы керек", - делінген полиция хабарламасында. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Айта кетейік, бір күн бұрын полицейлер астаналықтарға үндеу жасап, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырған болатын.
Келесі мақала
Нұрсұлтан Назарбаев Путинге өз кітабын сыйға тартты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстандықтардың 85%-дан астамы Президенттің армияны реформалау туралы шешімін қолдайды
- авторkyn.kz
- 29 қыркүйек, 2026




