Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанаға қатынайтын барлық бағыттағы автобус қозғалысы тоқтатылды

Астанаға қатынайтын барлық бағыттағы автобус қозғалысы тоқтатылды
Baigenews.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдар қозғалысы уақытша тоқтатылды

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ауа райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) және жолдардың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын барлық бағдар қозғалысы уақытша жабылды.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді, автобус бағдарлары кешігіп, қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындады.

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар