Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

9 айда 169 кәмелетке толмаған бала өзіне қол салған

9 айда 169 кәмелетке толмаған бала өзіне қол салған
Azattyq-rukhy.kz
Жынысына қарай ұлдар қыздарға қарағанда жиі суицид жасайды

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында жасөспірімдер арасындағы суицид 30%-ға көбейген, деп хабарлады KYN.KZ.

9 айда 169 кәмелетке толмаған бала өмірімен қош айтысқан. Оның 28% пайызы 5-14 жаста және 72%- ы 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Былтырғыға қарағанда, 15-17 жаста суицид жасағандар саны 45 пайызға көп. 

Жынысына қарай ұлдар қыздарға қарағанда жиі суицид жасайды (68% ұлдар). Ал өз-өзіне қол жұмсау әрекеттеріне ұлдарға қарағанда қыздар көбіне талпынады. 

Әлеуметтік жағдайы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің тек 15 пайызы толық емес отбасында тәрбиеленген. Сондай-ақ, өмірімен қоштасар сәтте олардың 97 пайызы мас болмаған.

Ұқсас жаңалықтар