Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда босанған әйелдің өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты

Атырауда босанған әйелдің өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты
Астана телеарнасы
Істі болған алтауының үшеуі ақталып, біреуі екі жарым жылға сотталды

Айыпталған дәрігерлер енді үш жылға дейін өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Құлап қалу туралы уәждерін сот ешқандай негізге алмайды. Себебі ол еш дәлелін тапқан жоқ. Алу мүмкіндігін көп пайызда растаған, босану сәтін де, сол босанғаннан кейін көп кешікпей алған жарақаты бейнежазбада нақты көрінген. Босану залында да шағымды сол жерде айтып, баласын үстінен алып тастауды айтып, сол жақ қабырғасын көрсеткені соған дәлел бола алады",-деді Эльмира Ойқұлова, Атырау №2 сот судьясы.

Айта кетейік, былтыр қаңтар айында Атыраудағы модуль ауруханада аман-есен босанған ана келесі күні жатырынан қан кетіп, ота үстінде қайтыс болды. 37 жастағы марқұмның артында төрт баласы жетім қалды. Қайғыдан қан жұтқан жұбайы мен туыстары бұл жағдайға дәрігерлерді кінәлаған. Өйткені ақ халаттылар босандырған кезде әйелдің денесін қатты жаншып, екі қабырғасын сындырып жіберіпті. Тіпті жас босанған ана қиналып жатқанда да қараусыз қалдырған. Оған қоса медициналық мекеме науқасқа құятын қан таппаған. Енді сотталушының әрқайсысы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңгеден төлеуі тиіс. Алайда марқұмның туыстары сот үкіміне көңіліміз толмайды дейді. Сондықтан төрт баланы анасыз қалдырған дәрігерлердің қатаң жазалануын талап етуде.

 

Ұқсас жаңалықтар