Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жатақхана тапшылығы 5 жылда жойылады»: Хостелдерге талап күшейтілді

«Жатақхана тапшылығы 5 жылда жойылады»: Хостелдерге талап күшейтілді
Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер амалсыз паналап жүрген арзан қонақүйлерге талапты 15 пунктке арттырдық дейді

Министр Саясат Нұрбек алдағы бес жылда жатақхана тапшылығын толықтай жоямыз деген болашаққа оң болжамын да жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Білім саласында тағы қандай жаңалық күтіп тұр? «Жатахқана жетпейді» деген желеумен жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осыдан тура бір жыл бұрын студенттерді хостелдерге орналастыруды ұсынған. Ұсынғаны сол-ақ екен, министр идеясын май-шелпекке айналдырған кәсіпкерлер тәлімгерлерге жертөледен оңды-солды жатақ ұсына бастады. Санитарлық, құрылыс, қала берді өрт қауіпсіздігінен мақұрым Алматыда қызыл жалын шарпыған хостел соның бір дәлелі. Студенттер арасында 17 мың төсек-орын тапшылығы жойылғанша, енді жауапты министрлік мұндай панажайларға талапты күшейтуден басқа амал жоқ деп отыр.

"Қолданыстағы бизнес орталықтар, қонақүй, хостелдерді реконструкиция нормативті субсидиясы ұлғайтылып жатыр. Ол да қазір Үкіметтен үлкен көмек болады. Сол объектілерді жатақханаға айналдыруда. Ол ең үлкен талап, ол қауіпсіздік стандарттарын күшейту. Қазір нақты бұйрық министрлік тарапынан әзірленді. 15 нақты талап айқындалды",-деді Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі.

Үкімет отырысынан кейін білім саласында қордаланған біраз сұрақтың басын қайырған қос министр көптің талқысына түскен ресейлік «Слово пацана» сериалын да сөз етті. Зорлық-зомбылық пен әлімжеттікті насихаттайтын киноға қазір еліктеп жер-жерде төбелес шығарып жатқан жастардың қарасы көбейген. Жауапты сала мамандары сериалдың кесірінен бұзақылық көбейген жағдайда, ресейлік өнімге тыйым салынуы да бек мүмкін екенін айтты.
 

"Менің білуімше, қазір Ресей Федерациясының өзінде фильмге шектеу қою туралы сан-алуан пікір айтылып жатыр. Қазір біздің елімізде «Слово пацана» сериалына қатысты анықтамалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Айтарым, мектептерде зорлық-зомбылықты насихаттайтын, үгіттейтін дүниелерге жол берілмейді",-деді Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі.

Ұқсас жаңалықтар