Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған: мұғалімдер жазадан босатылды

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған: мұғалімдер жазадан босатылды
Zakon.kz
14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген өгей әкесі қамауға алынды

Кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр екенін ұстаздар байқап, құзырлы органдарға ақпарат берген, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ал 14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды. Жаға ұстатар оқиға ауылдағы мектептердің бірінде анықталған. Қараша айында мектепке келген оқушының іші шығып қалғанын сынып жетекшісі көріп, анасын шақырған. Артынша бірден ауруханаға барып тексеріліпті. Дәрігерлер қыздың жүктілігін растап, шақалаққа 25 апта болғанын айтқан. Жасөспірім өгей әкесінен жүкті болдым деген екен.

“Күдікті өгей әкесі қамауға алынды. Зардап шегуші үйде қашықтықтан оқуда, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды. Комитет аталған мәселені бақылауда ұстап отыр”, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Альбина Залмұқанова.

Ұқсас жаңалықтар