Синоптиктер 7-9 желтоқсан күндеріне арналған күн райы болжамын ұсынды
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 7-9 желтоқсан күндеріне арналған күн райы болжамын ұсынды
Түнде ауа температурасы:
батыста 10-20 аязға дейін;
солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін,
елдің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін,
республиканың орталығында және шығысында 28-33 аязға дейін,
Қазақстанның оңтүстік облыстарында 5-13 градусқа дейін нөлден төмен болады.
Келесі мақала