Қоғам
«Бар судың өзін ысырап етіп отырмыз»: Депутат Бақытжан Базарбек ескету айтты
- kyn.kz
- 6 желтоқсан, 2023
- 634
Елдегі су каналдарының жартысы әбден тозып, салдарынан 60% су құрдымға кетіп жатыр
Су мәселесін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің су ресурстарын басқаруға қатысты жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Дабыл қағатын уақыт келді. Мысалы, 2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 млрд текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне пара-пар су. Еліміз таза ауыз су ретінде пайдаланатын судың көлемі кемі 50 пайызға азаяды. Сонда әрбір екінші менің отандасым ауыз сусыз қалады деген сөз емес пе?! Ал ауыз сусыз адам 3 күн ғана өмір сүретін білесіздер. Бұл өте қауіпті. Екіншіден, еліміздің даласы көктемде көлге айналса, жазда шөлге айналады», - деді мәжілісмен.
Депутат жеке меншікке өтіп кеткен су қоймаларын, дамбаларды және тағы да басқа стратегиялық маңызды су нысандарын мемлекет балансына қайтаруды ұсынды.
Келесі мақала