Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде ерекше образын паш етіп, қалың көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оқырмандар желі жұлдызын продюсер анасымен салыстыруда.
Айсәуле Бақытбек ерекше образдағы суреттерін Instagram парақшасында жариялаған. Фотода блогер арудың имиджіне айтарлықтай өзгеріс енгізгенін байқауға болады. Белгілі продюсердің қызы фотосессия үшін шашын қатты қысқартып тастаған. Алайда кейіннен бөліскен видеолардан Айсәуленің парик кигені байқалады.
Желі қолданушылары аталмыш фотоларды бірден қызу талқылауға көшкен. Олардың басым көпшілігі блогерді жұлдызды анасына ұқсатқан.
"Анаңызды мұндай образда көрмеппін. Бірақ сізді көрген бойда бірден анаңызға ұқсаттым", "Жапониялық қуыршақ", "Анасынан айнымай қалған", "Шашыңызды неге кестіңіз деп қайғырып отыр едім. Парик екен ғой", "Неткен сұлулық", "Айсәулеге кенз келген образ жарасады", "Шынымен анасының көшірмесі екен ғой. Шатастырып алдым", - деп жазуда оқырмандар.