Қоғам
LoveAika-ның адвокаты желіде тараған тізімге қатысты пікір білдірді
- kyn.kz
- 7 желтоқсан, 2023
- 528
Қазнет бойынша таратылған «Клиенттік база» құжатына да, оның тарауына да Айғанымның қатысы жоқ
LoveAika-ның адвокаты желіде тараған тізімге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қорғаушысының сөзінше, Қазнет бойынша таратылған «Клиенттік база» құжатына да, оның тарауына да Айғанымның қатысы жоқ болып шықты.
Сондай-ақ ол жария болған ақпардың артында құқық қорғау органдары тұруы мүмкін екенін айтты.
«Бұған дейін Айғанымға (LoveAika-ред.) қатысты фейк-толқулар болған. Қорғаушы өз клиентінің өмірі мен денсаулығы үшін қорқады (ол қазір тергеу изоляторында), себебі «бәлкім, тізімдегі адамдар оны жазалағысы келетін шығар», – дейді.