8 "А" сынып оқушысы биология сабағында оқушыларға оқ жаудырған
Оқушы қыз гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, сыныпқа кіріп, оқ атқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ол төрт баланы жаралап, кейін өзіне қол жұмсағаны айтылды.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, қыз әкесіне тиесілі мылтықтан оқ атқан.
"Оқиға екінші сабақта болды, биология болатын. Алина қаруын алып, оқ жаудырған сәтте балалар партаның астына тығылмақ болды. Мұғалімдер қызды ақылға шақырды, бірақ ештеңе шықпады. Алинаны қосқанда, екі адам қаза болды, тағы төртеуі жарақат алды", – деп жазады Mash.