Қоғам
Баланың шыңғырған дауысын естіген: Талдықорғанда 14 жастағы жасөспірімді ер адам қонақ үйге апарып зорлаған
- kyn.kz
- 8 желтоқсан, 2023
- 478
Куәгерлердің айтуынша, ер адам мен 14 жастағы жасөспірім қонақ үйдегі нөмірге барған
Талдықорғандағы «Ай Сер» қонақ үйіндегі оқиғада түсірілген бір видео жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Видеода спорттық костюм киген азаматтан холдан асықпай түсіп келе жатады. Кадр сыртында сөйлеп тұрған әйел оған қонақ үйдің мейрамханасына өтуді бұйырады. Сосын Әсет деген жігітті көмекке шақырады.
Әйел ер адамға: «Бұл бала туысыңыз емес, не үшін мейрамханаға кірдіңіз?» деп сұрайды. Әйел оқушының ол адамды танымайтынын айтады. Ал ер адам жаттықтырушысы екенін айтады. Сосын әйел 102-ге хабарласып, полиция шақырғанын жеткізеді.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам оның алдында 14 жастағы жасөспіріммен қонақ үйдегі нөміріне көтерілген. Еден жуушылар шыңғырған дауысты естіп, қонақ үйдің әкімшісіне хабар берген. Сосын ол полиция шақырған.