Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда мектепте басы жарылып қансыраған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған

Қарағандыда мектепте басы жарылып қансыраған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған
Baq.kz
Оқушыға жедел жәрдем шақырмаған мектеп ұжымына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды

Оқу-ағарту министрлігі ұстаздар қауымының дәрігерлерді неге шақырмағанына аң-таң, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Дәрігер шақырмай, оқушыны қансыраған күйінде үйіне жібере салған мектеп ұжымына қатысты іс қозғалды. Мәселенің мән-жайын анықтап жатырмыз. Қос тараптың да айтары бар деп ойлаймын",-деді Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі.

Жауапты сала мамандары мектепте медицина қызметкерінің бар-жоғын анықтауда. Бұған дейін әлеуметтік желіде қарағандылық мектептің жетінші сынып оқушысының анасы мектеп ұжымына наразылығын білдірген. Ол темір есікке басын соғып жарақат алған қызының қансырап үйге әрең келгенін айтқан. Ашынған ана білім ордасында қарапайым мейірбикенің жоқ екеніне шағымданған еді. Жалпы оқу-ағарту вице-министрі алдағы уақытта еліміздің барлық мектебінде мейірбикенің болуын қарастырамыз деп уәде берді.

Ұқсас жаңалықтар