Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«АрселорМиттал Теміртауға» тарихи атауы қайтарыла ма – министр жауап берді

«АрселорМиттал Теміртауға» тарихи атауы қайтарыла ма – министр жауап берді
Qaz365.kz
Kомпанияның жаңа атауы «Қармет» болып өзгеруі мүмкін

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа атауы «Қармет» болып өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Компанияның жаңа атауына қатысты жаңалықты өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

«Біздің пікірімізше, оған «Қармет» тарихи атауын қайтарған дұрыс болады. Өңір тұрғындары мен қызметкерлер бізді қолдайды деп ойлаймын», – деді министр.

Еске салайық, бүгін «АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық кәсіпкер 44 жастағы Андрей Лаврентьев сатып алғаны белгілі болды. Жаңа инвестор компанияның қарызын өзі төлейді және барлық әлеуметтік міндеттемені орындайды.

Ұқсас жаңалықтар