Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

648 мың теңге: Орал әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

648 мың теңге: Орал әкімінің орынбасарына айыппұл салынды
Сурет: finratings.kz
Орал қаласы әкімінің орынбасарына бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін 648 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Орал қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган тарапынан заңбұзушылықтарды анықтады.

"Орал қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобалау ұйымдарымен жобалау-сметалық құжаттаманы өтеусіз әзірлеу туралы меморандумдар жасасқаны анықталды. Бұл ретте аталған жобалар кейіннен бюджет қаражаты есебінен іске асырылуы тиіс болған, бұл бәсекелестікке қарсы әрекеттерге әкеп соқтырды", - деп мәлімдеді қадағалау органы.

Жол берілген заңбұзушылықтар үшін Орал қаласы әкімінің орынбасары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 163-бабы 1-бөлігі (Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған 648 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Прокуратураның хабарлауынша, айыппұл толық көлемде өндірілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар