Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екібастұз жылу электр орталығында тағы да апат болды

Екібастұз жылу электр орталығында тағы да апат болды
ашық дереккөзі
Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған

Екібастұз жылу электр орталығында ақау шықты, деп хабарлайды "ЕкібастұзЖылуЭнерго" ЖШС баспасөз қызметі.

"ЕкібастұзЖылуЭнерго"-ның мәліметінше, 10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған. Сағат 05.30-да ақау жойылған.

"Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды", - делінген компания хабарламасында.

 

Екібастұз ЖЭО мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Онымен қоса, станцияның багер сорғысын ауыстырып, одан әрі іске қосу үшін резервті қозғалтқыш дайындалды", - делінген хабарламада.

Мекеме мәліметінше, қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты істеп тұр (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.

"Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі", - деді компаниядан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар