Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан қызылша жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтиңде алғашқы үштікке кірді

Қазақстан қызылша жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтиңде алғашқы үштікке кірді
Informburo.kz
Статистика бойынша Қазақстан Йемен мен Үндістаннан кейін үшінші орында

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) әлемдегі қызылша індеті туралы рейтиң құрастырған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оған сәйкес, Қазақстан Йемен мен Үндістаннан кейін үшінші орында.

Ақпаратқа сүйенсек, Йеменде 23 мың, Үндістанда 15 мыңға жуық, Қазақстанда 12 985 адам қызылшамен аурып жатыр. Одан кейінгі орындарда Эфиопия, Пәкістан, Конго және Ресей тұр.

Қостанай облысында қызылша өршіп барады. Бес күнде 20 адам вирус жұқтырған. Қараша айында 32 науқас  тіркелген еді. Дені вакцина  алмаған 14 жасқа дейінгі балалар. Инфекцияның кең таралуына байланысты қосымша екпе егу шарасы жоспарланып отыр. Бірінші кезекте  алты айдан 5 жасқа дейінгі балалар қамтылады. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мен бұрын екпе алмағандар да иммундау шарасынан өтеді. 

Қызылша тек балалар ғана емес, ересектер арасында да дендеп тұр. Әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті. Бүгінге дейін 103 аяғы ауыр әйел індетке шалдыққан. Қазір олардың жағдайы орташа деңгейде. Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова осылай деді. Науқастар дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар