Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайберген әлемдегі ең үздік телешоуға қазы болуға шақырылды

Димаш Құдайберген әлемдегі ең үздік телешоуға қазы болуға шақырылды
https://instagram.com/kudaibergenov.dimash
Бұл жайлы әлеуметтік желіге әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды

Димаштың Будапештте өтетін "Виртуоздар" атты телешоуына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысатынын әкесі Қанат Айтбаев жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Димаш әлемнің ұлы әншілерінің бірі ғана емес, бірегейі Пласидо Домингоның Будапештте өтетін "Виртуоздар" атты телешоуының қазылар алқасының құрамына шақырылды. Құрметіңіз бен сеніміңіз үшін көп рахмет, маэстро!” – деп жазады Қанат Айтбаев.

Бұған дейін әнші Instagram-дағы парақшасында осы шоуға байланысты жазба жариялаған еді. Ол 1999 жылы үйде 3 ұлы тенордың концертінің кассетасы болатынын еске салады. 

“Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Шақырту үшін рахмет", – деп жазды Димаш Құдайберген

Ұқсас жаңалықтар