Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кеншілерден ақша бопсалаған

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кеншілерден ақша бопсалаған
Qaz365.kz
Қарағанды облысы полиция департаменті физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Қарағанды облысы полиция департаменті "Қармет" кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаған қылмыстық топты құрықтады,деп хабарлайды KYN.KZ.

Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ұқсас жаңалықтар