Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда заңсыз салына бастаған тұрғын үй кешені қирады

Алматыда заңсыз салына бастаған тұрғын үй кешені қирады
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үйді бұзу жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілгені анықталды

Оңтүстік астанада сот шешімімен KHAN тұрғын үй кешені бұзылды, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Әкімдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп таулы аймақта жүргізілген жұмыс барысында заңға қайшы салынып жатқан 52 нысан анықталды. Бұл туралы қалалық Құрылысты бақылау басқармасы хабарлады", - делінген хабарламада.

Солардың бірі - Витебская, 44/3.44а мекенжайында орналасқан KHAN тұрғын үй кешені. Кешен қажетті рұқсат құжаттарынсыз, соның ішінде жобаны бекіту, сәулет-техникалық қадағалау, сараптама мен жұмыстың басталуы туралы хабарламасынсыз тұрғызылған. 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қалалық соты нысанды бұзу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Үйді бұзу жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілгені айтылады.

Қалада тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, нысанды бастапқы қалпына келтіру және бұйрықты мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді.
 

 

Ұқсас жаңалықтар