Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында жансақтау бөлімінің жабдығынан 117 млн жымқырған бас дәрігерге сот үкімі шықты

Түркістан облысында жансақтау бөлімінің жабдығынан 117 млн жымқырған бас дәрігерге сот үкімі шықты
видеодан скрин
Бас дәрігер ауыр халдегі науқастарға арналған жабдықтардың ақшасын жеген.

Түркістан облысында ауыр халдегі науқастарға медициналық көмек көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, бұрынғы бас дәрігер кәсіпкермен сөз байласып, жансақтау бөліміндегі науқастарды медициналық оттегімен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған.

Олар біртұтас медициналық кешенді жасанды түрде бірнеше тауарға бөліп, өздерінің бақылауындағы компаниялар арқылы қымбат бағамен сатып алуды рәсімдеген. Ал іс жүзінде жабдықты мүлде басқа ұйым жеткізіп, орнатқан.

Осылайша мемлекетке 117 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалып, туысының атына рәсімделген.
Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Астанадағы пәтер мен екі автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар