Мәдениет
"Біргеміз, уайымдамаңыздар": Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз екеуіне қатысты сөздерге жауап берді
- kyn.kz
- 11 желтоқсан, 2023
- 2.0k
Әнші Қайрат Нұртас отбасына қатысты ел арасындағы қауесетке нүкте қойды
Өнер иесі кеше өткен мерекелік концерттің бірінде жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Менің екі қызым, бір әйелім бар. Біз біргеміз. Уайымдамаңыздар", - деді өнер иесі. Сонымен қатар кеш барысында әнші "Асыл жарым", "Кешір мені" әндерін орындады. Айта кетейік, осыған дейін ел арасында әнші Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыздың қарым-қатынасына байланысты түрлі қауесет тараған болатын. Алайда өнер иелері осыған дейін бұған қатысты бірде-бір рет мәлімдеме жасамады. Еске сала кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың әкесі келіні Жұлдыздың әулеттегі тойға келмегеніне қатысты ел көкейіндегі сұраққа жауап берген болатын.