Мәдениет
Қарындасымен бірге дуэт айтып танылған әнші Ринат Шамшырақ отау құрды
- kyn.kz
- 11 желтоқсан, 2023
- 6.5k
Әнші Ринат Шамшырақ өзінен 6 жас үлкен әйелге үйленіп, той жасады
Желідегі мәліметтерге сүйенсек, Аружан есімді қалыңдықтың бір ұлы бар, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ол қуанышын бөліскен халыққа алғыс айтты.
"Біздің тойымызға жан-жақтан келген ағайын-туыс, жақын дос-бауырлар және де тойға келе алмай осы экранның арғы жағынан көріп шынайы құттықтап жатқан ағайындар мен оқырмандарға мың алғыс айтқым келеді", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары "осындай жігіттерді түсінбеймін, жап-жас қыздар толып жүр ғой", "ажырасқан әйел бақытты болуға лайық емес пе сонда?", "дуалап қаратып алған шығар", "Ерке Есмаханның үлгісі халыққа берген","Райм мен Еркенің жолын берсін", "жүрекке әмір жүрмейді деген осы", "бақытты болыңыздар", "ұлың құтты болсын" деп жазды.