Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мені жақсы көреді": әнші Бақыт Шадаева бірінші енесімен әлі күнге араласатынын жеткізді

"Мені жақсы көреді": әнші Бақыт Шадаева бірінші енесімен әлі күнге араласатынын жеткізді
https://instagram.com/bakhyt_shadayeva
Әнші Бақыт Шадаева осы уақытқа дейін бірнеше рет тұрмыс құрғанын айтқан еді

Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында бірінші жұбайының анасымен әлі күнге араласатынын мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Мен өте тәртіпті келін болдым. Бірінші енеммен әлі күнге қарым-қатынасым жақсы. Мені жақсы көреді. Олар Алтайда тұрады. Үлкен қызыммен жақсы араласады. Қызым әкесімен де араласады. Байланыс үзілген жоқ. Бірақ мен бұрынғы күйеуіммен араласпаймын", - деді Бақыт Шадаева.
 

Айта кетейік, осыған дейін Бақыт Шадаева бірінші күйеуімен ажырасу себебін де жасырмай баяндап берген болатын. "Екі рет тұрмыс құрдым. Бірінші жарыммен үш жыл тұрдық, ортақ бір қызымыз бар. Ол да өнер адамы еді, опера және балет бағытында жұмыс істейтін. Екеуміз де өнерде жүргендіктен, арада түсініспеушіліктер болды. Ол көбіне менің жолыма тосқауыл қоятын. Қызғаныш та жоқ емес. Осының бәрі шегіне жеткен соң, онымен ажырасып кеттім", - деген еді әнші.

Ұқсас жаңалықтар