Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді

Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді
Anatili.kz
Осы бастама арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Ауылды дамыту – түптеп келгенде, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз. Сондықтан биыл біз "Ауыл аманаты" жобасын бастадық. Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді. Соның арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. 

Келесі жылдан бастап бизнесті дамытуға арналған бірыңғай кешенді бағдарлама қолға алынады. Болашағы бар шағын және орта бизнеске басымдық беріледі. Яғни мемлекет өндірістік қабілеті жоғары және экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар