Айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Осы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.