Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бортты дайындамаған»: Астанада ұшақ -30 градустық аязда қатып қалды

«Бортты дайындамаған»: Астанада ұшақ -30 градустық аязда қатып қалды
Qaz365.kz
Әуе компаиясы аталған жайтқа байланысты жауап берді

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан ұшақ жолаушыларының салонда курткамен мұздап отырғанын көруге болады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ролик авторы «бортты дайындамаған, қыздырмаған, олар ұшуды 40 минут күтіп отыр» деп атап өтті.

Әуе компаиясы аталған жайтқа байланысты жауап берді,

«Қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, іске қосу турбинасы қажетті қарқын ала алмады, сондықтан қозғалтқыш іске қосылмады. Мұндай жағдайларда әуежай әмбебап мотор жылытқышын ұсынады. Астана әуежайында қажетті техниканың жетіспеуіне байланысты ұшақтың қозғалтқышын іске қосу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз», - деп хабарлады әуе компаниясы.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар