Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

5-сынып оқушысын кездесуге шақырып, жалаңаш суретін сұраған 19 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

5-сынып оқушысын кездесуге шақырып, жалаңаш суретін сұраған 19 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Stan.kz
Таксист жігітті қыздың анасы кездесуге келген сәтте ұстап алып, полиция шақырған

Маңғыстау облысында 5-ші сыныптағы оқушы қызды есік алдына шақырып, неше түрлі жаман сөз жазған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Оның үстінен қылмыстық кодекстің «жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нағима Барақ есімді әлеуметтік желі қолданушысы Маңғыстау облысындағы Қызылтөбе ауылында болған жайтты жазған еді. 

«Жиырма жастағы Талғат есімді жігіт бесінші сынып оқушысына ватсаптан (ойнауға тырысқан ласина киіп шықшы, бір па#ка берейінба, киімсіз фотоңды жіберші) деген жаман сөздер жазып,  кездесуге есігінің алдына дейін келген. Бесінші сынып оқушы қызға ватсаптан  қоймай жазып жүргенін байқаған анасы, бұл кім деп ватсап арқылы өз қызының атынан хат алмастыруды жалғастырып, үйде ата анам жоқ, есік алдына кел деп кездесуге үйінің алдына шақырған. Талғат есімді жігіт оқушы қызбен кездесуге келгенде анасы видеоға түсіріп, полиция шақырған. Оқушы қыздың телефон нөмерін қайдан алғаны белгісіз, күдікті өз кінәсін мойындамай басын алып қашуда. Қазіргі таңда анық қанығы тексерілуде», - деген еді Нағима Барақ.

Ұқсас жаңалықтар