Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығуы керек": Депутат ЖЭО-лардың мәселесін көтерді

"Жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығуы керек": Депутат ЖЭО-лардың мәселесін көтерді
Atameken.business
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров тұрғындарды жылумен қамту мәселесін көтерді

Депутат былтыр партия өкілдері Екібастұз халқына мыңдаған үй жылытқыш пен жылы көрпе тасығанын еске салды, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Биыл, осындай жағдайды қайталатуға Үкіметтің еш хақысы жоқ. Осы орайда, алдағы 3 ай қыс уақытына жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығып, барлық жиналыстарын қысқартып, жылу орталықтарының бас-қасында осы аязды күндері жүруі керек.           

Екіншіден, 2022-2023 жылдары Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бөлінген қаражаттардың есебіне қатаң анализ жасалуы тиіс. Бұл саладағы әрбір жемқор қатаң жазалануы тиіс! Осы күндері өңірлердегі оперативті штабтардың жұмысын "екі еселенген 24/7 режиміне" көшіру қажет", - деп түсіндірді мәжілісмен.

Ұқсас жаңалықтар