Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айнұр Тұрсынбаевадан кеңес алу 300 мың теңге екені рас па?

Айнұр Тұрсынбаевадан кеңес алу 300 мың теңге екені рас па?
https://instagram.com/aidyn_nury
Ақылы қызметтері жайлы ақын өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған

Бұрын айтыскер ретінде танылып, қазір «мотиватор-психолог» болып жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның онлайн қызметтері заңды ма, заңсыз ба? Бұл сұраққа белгілі заңгер Нұрсұлтан Орынбек «Сұрауы бар» Youtube-арнасындағы сұхбат беру барасында айтты,деп хабарлайды KYN.KZ.

Еске сала кетсек, Айнұр Тұрсынбаваның кеңес беру үшін 300 мың теңге, жеке кездесу үшін 1 миллион теңге сұрайтыны қоғамда қызу талқыланған болатын. Ақылы қызметтері жайлы ақын өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған.

Заңгердің айтуынша, оқырмандардан сұраныс көп түскендіктен ол Тұрсынбаеваға өзі хабарласыпты.

"Айнұр апайымызға хабарластым. Мәселе туындап, сөз еріп жатыр, өзіңіз де айтыпсыз дедім. Ол өзіне қорқып, үрейленіп жүрген, өлім туралы жиі ойлайтын азаматтардың хабарласатынын жеткізді. «300 мың теңгені күн де істеп жатқан жоқпын, айына 4 адамнан ұсыныс түседі, соларды тыңдап, оларға психологиялық кеңесімді беремін» дейді. Ал 1 миллиондық кездесуді ол кісі жоққа шығарды", – дейді заңгер.

Ұқсас жаңалықтар