Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бақытжан Базарбек офшордағы ақшаны қайтару үшін жұмыс істелініп жатқанына күмәнді

Бақытжан Базарбек офшордағы ақшаны қайтару үшін жұмыс істелініп жатқанына күмәнді
Halyq Uni
Халықтың 45 млрд-қа жуық доллары офшорда жатыр

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек қомақты сомаларды қайтаруға қаржы министрлігінің қарқынды жұмыс істеп жатқанына күмәнмен қарайды, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Қолдағы ақпаратыма сәйкес, қазір офшор аймақтарда 45 млрд-қа жуық елдің, халықтың ақшасы жатыр. Шетелдік ұйымның ақпараты бойынша, жыл сайын Қазақстаннан 250 млн доллар капитал шығарылады. Үкімет осы 45 млрд-қа жуық офшорлардағы ақшаны қайтаруға не жасап жатыр? Қандай шара қолданып жатыр?",-деді Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты.

Бақытжан Базарбек Ерұлан Жамаубаевтан офшорлық аймақтармен қашан келісімшарт жасалатынын, заңсыз шығарылған активтер толықтай қашан қайтарылатынын сұрады. Депутаттың сөзінше, бізде офшор аймақ боп есептелетін Кайман, Сейшел аралдарымен келісім атымен жоқ. Министр шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару бағытында комиссия аясында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр дейді. Арнайы тізім бар, одан қалды 55 мемлекетпен белгілі бір конвенциялар жасалды деп қосты Жамаубаев. Ол, сондай-ақ, бірнеше тұлғаның есімі реестрге енгізілгенін айтты. Десе де заңға сәйкес, тізімдегі қалталы азаматтардың жеке деректері құпия сақталады.

"Бізде сондай аралдарға байланысты, офшор аймақтарға байланысты тиісті құжат бар. Сіздің айтып отырғаныңыз тікелей сол мемлекеттермен келісімшарт жасасып, елге ақшаны қайтару туралы болса, онда бұл комиссия аясында жүргізіліп жатқан жұмыс. Оның кейбір деректерін айта алмаймын",-деді Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі.

Ұқсас жаңалықтар