«Адами құндылық осы ма»: Оқушыларының әрекеті ұстаздың көңілін босатты
- kyn.kz
- 14 желтоқсан, 2023
- 660
Әлеуметтік желіде бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Бердібаеваның жариялаған видеосы желі қолданушыларының назарын аудартты, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Қазір бір жылап алдым. Бүгін сағат 10:06-да мектебіміздің есік алды тазалаушысы Совет ағай қайтыс болғаны туралы хабар алдым. Ол кісі кеше ме, кешенің алдын күні ғана жұмыста жүрген. Сөйтіп сағат 10-да балаларға жағдайды айтып, есік алды тазаланбай қалатын болды, көмектесіп, күрек алып, қар күреп жіберіңдерші деп қана айттым», - деді оқушылардың сынып жетекшісі.
Оның айтуынша, оқушылар түскі астан кейін жарты сағаттық қоңырауға шығады.
«Сағат 1-де далаға шығып қалсам, есіктің алдында балаларым қар күреп жатыр. Сосын мектептің артына барсам, ұлдардың жартысы стадионды тазалап жатыр екен. Қолдарында күрек, сыпыртқы бар. «Не істеп жүрсіңдер» десем, «апай біз екіге бөлініп, жартымыз мектептің алдын, қалған жартымыз мектептің артын сыпырады» деп кәдімгідей көмектесіп жатыр. Бұл менің көңілімді қатты елжіретті. Адами құндылық осы ма деп мен қазір ойлап отырмын. Балаларымның адамгершілігі өте жоғары», – деді мұғалім.