Қазір қызға заңгерлер кеңес беріп, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр
Қазір күдіктілердің бірінің жеке басы анықталып, қалған үшеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оқиға 17 қарашаға қараған түні болды. Қыз бала әпкесімен және оның досымен бірге дүкенге шыққан. Қайтар жолда әпкесінің досы өзін нашар сезінеді. Сол кезде жолай өтіп бара көліктердің бірі жандарына тоқтап, жеткізіп салған. Кейін көлік жүргізушісі “заттарыңызды ұмытып кеттіңіз” деген желеумен жәбірленушіні шақыртып, артынша көлікке күштеп отырғызып, айдалаға алып кеткен.
Оқиға туралы «Не молчи» қорының құрылтайшысы Дина Таңсәрі хабарлады.
Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті “сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық” бабымен тергеу басталғанын хабарлады.