Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу аяқталды: жолаушылар мен жүргізушілерді қандай өзгерістер күтеді

"Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу аяқталды: жолаушылар мен жүргізушілерді қандай өзгерістер күтеді
Qaz365.kz
"Яндекс. Такси" монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Сондай-ақ, "Яндекс. Такси" монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 миллиард теңге аударды.

Сондай-ақ агенттік пен "Яндекс. Такси" монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген:
біріншіден, жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе асатын болса, 14 желтоқсаннан бастап, Яндекс комиссиясын өндіріп алуды тоқтататын болды; (экономикалық әсері жылына шамамен 2 миллиард теңгеге);
жүргізушілер үшін қосымша бонустық бағдарлама енгізу (2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 миллиард теңге);
тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында тарифті не үшін көтергені және қандай өзгеріс болғаны туралы негіздеме келтіре отыра, пайдаланушы қосымшасын жақсарту.
екіншіден, жолаушылар үшін жаңартылған "Бірге" тарифі енгізіледі, ол тіпті ең жоғары сұраныс болып тұрғанның өзінде, төмен бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік береді (тарифті х2-ге дейін көтеруге шектеулер);
агрегатор такси қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, ауа-райының қолайсыздығында немесе мереке күндері х3-тен жоғары тарифті көтеруге шектеулер енгізеді – тоқсанына аталмыш деңгейден жоғары сапарлардың саны 5 пайыздан аспайтын болады;
баламен жүретін жолаушылар үшін "балалар" тарифі енгізіледі, ол балалар креслолары немесе бустері бар автокөлікті шақыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар