«Театрға келгендей болдық, әлсіз қарсылас»: Алматыда кәсіпқой боксқа келген көрермендер көңілі толмағандарын айтты
- kyn.kz
- 15 желтоқсан, 2023
- 656
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінен бөлек, жергілікті спортшыларда күш сынасты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қос белбеуді ортаға салған бокс кеші DAZN, PrimeFight, Хабар және Спорт Плюс арналарынан көрсетілді
«LK Production, Movida Promotions және New Names Promotions қолдауымен кәсіби бокстың үлкен кешін өткізеді. Турнир аясында Қазақстан, Жапония, Қытай, Бразилия, Үндістан, Египет және Өзбекстан боксшыларының қатысуымен 11 жекпе-жек өтеді. Кештің басты жекпе-жегі отандасымыз, IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы жеңілмеген әлем чемпионы Жанқош Тұраров. Ол рингке жапондық Акихиро Кондомен шығады, ол WBO Азия чемпионы. Жекпе-жектің алдында бірден 2 чемпиондық белбеу тұр – IBO World және WBA Gold World бірінші жартылай орта салмақта. Сондай-ақ қазақстандықтардан рингке Ершат Нығматулла, Балауса Муздиман, Виктор Коточигов, Ерхан Табынбаев және басқалар шығады», – делінген ақпаратта.
Жарнамасы жер жарған бокс кешінде спорт сарайы көрерменге лық толды деп айта алмаймыз. Сыртта алыпсатаралар билетті 1 мың теңгеден өткізе алмай жүрді. Ал шаршы алаңға шыққан жерлестеріміз түгелдей жеңіске жетті және шетелдік қарсыластарын бірінші, екінші раундтарда ақ нокаутқа жіберіп жатты.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024