Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Риддерде ауладағы қоқыс жәшігінен пакетке оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Риддерде  ауладағы қоқыс жәшігінен пакетке оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
полиция
Полиция баласын туасалып өлтірген ананы іздеп жатыр

Риддерде  полиция баласын туып, оны өлтіріп, қоқысқа тастап кеткен көкек ана іздестірілуде, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Қостанай облысының полиция департаменті 17 желтоқсан күні түскі уақытта Корчагина көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын хабарлады. Полиция дерегінше, бала полиэтилен пакетке оралған күйі жатқан.

“Аталған факті бойынша Рудный қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Анасы жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – деді өңірдің полиция департаменті.

Қазір жергілікті тәртіп сақшылары аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған тұлғаны анықтау үшін қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар