Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сенгеніме өкінем": Нұрлан Өнербаев бұрынғы президент Назарбаевқа қатысты естелігін айтты

"Сенгеніме өкінем": Нұрлан Өнербаев бұрынғы президент Назарбаевқа қатысты естелігін айтты
Уикипедия
Танымал әнші Нұрсұлтан Назарбаевтың кештерін жүргізгенін жеткізді

Нұрлан Өнербаев бүгінгі таңда бұрынғы президентке деген көзқарасының өзгергенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Әрине, менің де көзқарасым бар. Менің де көңілім толмайтын тұстар бар. Отбасына қатысты жұрт айтып жүрген әңгіменің жүз пайызы болмаса да, 80-90 пайызы рас екеніне менің де көзім жетеді. Сол ортада жүргенде, кеш басқарып жүргенде менің көңілім адал болды. Сол кісілердің, сол ортаның ел мүддесі үшін жұмыс істеп жүргеніне сендім. Өйткені, менде басқа мәліметі болған жоқ. Бәрі қазір ашылып жатыр ғой.Сондықтан сол кезде сол ортада алданып жүргеніме өкінемін. Жамандағым келмейді. Соншалықты сендім. Жанында жүрдім. Барлық шараларына қатыстым.Тіпті көп шарасына қатыстым", - деді жан сырын ақтарған Нұрлан Өнербаев.
 

"Мен ол кісінің кештерінде өнерпаз ретінде болдым. Өнерімді бағалады. Ол кезде мемлекеттік шараларды жүргізу, президенттер қатысатын кештердің бәріне көбіне мен қатысып жүрдім. Мені шақыратын. Тіпті концертпен алыста жүрсем де, тауып алып, шақыртатын. Туған күндерін, мерейтойларын жүргіздім. Бас тартпаймын. Жанында жүрдім", - деді өнер иесі.

Ұқсас жаңалықтар