Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Сатыбалдыұлы 120 млн долларды мемлекетке қайтарды

Қайрат Сатыбалдыұлы 120 млн долларды мемлекетке қайтарды
Егемен Қазақстан
Ақша мемлекетке келтірілген залалды өтеуге республикалық бюджетке жіберілді

Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтер қайтарылып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ.

Желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлынан 120 млн долларды, яғни 55,4 млрд теңгені қайтарды.

Осылайша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтарды.

Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді.

 

Ұқсас жаңалықтар