Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскемендегі қазақ мектептерінде бала сыймай жатыр - қала әкімі проблеманы қалай шешпек?

Өскемендегі қазақ мектептерінде бала сыймай жатыр - қала әкімі проблеманы қалай шешпек?
Qaz365.kz
Әкім зиялы қауым өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырды

Өскемендегі қазақ мектептерінде бала сыймай жатқанына қала әкімі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Қаланың орталығында аралас, басқа тілде оқытатын мектептер бар. Олардың көбі бос, жартылай бос. Мысалы, әкімдіктің түбіндегі №38 мектепте түскі сағат 14:00-ден кейін ешкім жоқ. Неге? Өйткені, жұмыс жоқ. Неге жұмыс жоқ? Өйткені, бала жоқ. Былай қарасаңыздар, шет тілде оқытатын гимназия деген үлкен атауы бар. Бірақ оқудың сапасын салыстыратын болсақ, №38 мектептің көрсеткіштері төмен», – деді әкім.

Ол зиялы қауым өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырды.

«Сондай мектептерге неге әкімге талап қойған сияқты неге талап қоймаймыз?! Өзге тілде оқытатын кейбір мектепті біріктіруге болады. Себебі, жартылай бос тұр. Ал бос қалған ғимаратқа аралас немесе мемлекеттік тілде оқытатын мектептер ашу керек. Ол болмаса, сол жартылай бос, өзге тілде оқытатын мектептердің ішіне қазақ сыныптарын ашу керек. Неге ашпайды? Себебі, керітартпалық, жалқаулық. Басшылар оған мән бермейді, ал жергілікті басшылар оған бас қатырғысы келмейді», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар