Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бағдат Мусин: «2027 жылы үй желілері 5G интернетпен 100%-ға қамтылады»

Бағдат Мусин: «2027 жылы үй желілері 5G интернетпен 100%-ға қамтылады»
Gov.kz
Цифрлық даму министрінің айтуынша, қазір елде 723 5G станциясы бар

Алдағы үш жылда республикалық маңызы бар қалалардың 75 пайызы, облыс орталықтарының 60 пайызы 5G-мен қамтылады, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Астанада 137, Алматыда 349 және Шымкентте 116 станция бар. “Қолжетімді интернет” ұлттық жобасы аясында 2027 жылы үй желілерін кең жолақты интернетпен 100%-ға қамту жоспарланған», - деді Мусин.

Ауылдық жердегі интернет байланысы да назардан тыс қалмақ емес.

«Биыл республика бойынша 251 ауылға интернет қосылды, жоспар бойынша тағы 250 ауылға интернет жеткізіледі. Өздеріңізге белгілі, биыл біз пилоттық режимде 10 мектепті Starlink-ке қостық. Келер жылы мұнымен 2 мың мектеп қамтылады», - деді министр.

Бұған дейін ведомство Илон Масктың Starlink спутниктік интернетін қарапайым халықтың пайдалануына заңмен тыйым салған еді. Министр бұл мәселені келесі жылдың соңына дейін тағы да қарауға уәде берді.

Ұқсас жаңалықтар