Қамауда отырған Шымкент әкімінің орынбасары кәсіпкерден тендер үшін 187 миллион теңге пара сұраған
- kyn.kz
- 21 желтоқсан, 2023
- 715
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсұт Исахов биыл жазда қамауға алынған еді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Шымкенттік блогер-заңгер Айгүл Орынбек қамауда отырған Мұрат Әйтеновтің бұрынғы орынбасарына қатысты тағы бір істің шетін шығарды
«Пандемия тұсында екі конкурсқа қатыстық. Біреуі 600, екіншісі 700 миллион теңгені құрайды. Сол кезде өзге фирмалар жеңіске жетті. Кейін құжаттарды ашып қарасақ, бізді заңсыз шеттеткенін білдік. Амал жоқ, сотқа шағымдандық. Қаладағы экономикалық сот хаттаманы қайта қарауға шешім шығарды. Содан қайта қарау болған кезде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов хабарласып, шақырды. Бұрын ол кісімен араласпағанмын. Исахов маған екі конкурстан да бас тарт деді. Мен олай істемейтінімді айттым. Сол кезде ақыры істейтін болсаң, 187 миллион теңге бересің деді. Яғни пара сұрады», - дейді кәсіпкер.